Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Жексенбі, 12 мамыр, 08:43

Қызылорда облысында күріш өндіретін 6 кәсіпорынға 68 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

22.06.2023

435

0

Қызылорда облысында күріш өндіретін алты кәсіпорынға 67,9 миллион теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілдері күріштің алты ірі өндірушісі мен көтерме сатушысына қатысты тергеуді аяқтады («Абзал и К» ТС, «Мағжан и К» ЖШС, «Жан-Арай» ЖШС, «Най-Мир» ЖШС, «Абай-Даулет» ЖШС және «Байдалиев К» ЖК).

Бұл кәсіпорындарда  күріш бағасы белгілеп және ұстаған ытуралы бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл дерегі анықталды.

«Тергеу қорытындысы бойынша күріш өндірушілер мен көтерме саудагерлеріне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды. Биыл маусымда сот жоғарыда бұл күріш өндірушілерді жалпы сомасы 67,9 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартты», – делінген хабараламада. 

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: