Қызылорда облыстық Полиция департаментінің жиын залында басқарма қызметкерлерімен кеңес өткізілді. Жиынға Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Тоқтыбаев Серік Әбдімәуленұлы қатысты. Жиын барысында осы жылдың 9 айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Жедел кеңесте сала басшылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚР ІІМ министрі Саденов Ержан Сапарбекұлының тапсырмаларының орындалу барысы және атқарылған жұмыс нәтижелері туралы есеп берді.
Мәселен, жиында басшы құрам қаламыздың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің жай-күйі, азаматтардың құқын қорғау бойынша атқарылған іс-шаралары кеңінен талқыланды.
Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында полиция жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе ретінде қаралды.
Кадр саясаты, полицейлердің қызметтік-жауынгерлік дайындық деңгейін көтеру, жеке құрам арасындағы тәртіпті нығайту шаралары әңгімеге арқау болды.
Кеңес соңында Басқарманың барлық қызметтері мен бөліністерінің басшыларына қаланың барлық аумағында, қаланың шет жағында орналасқан елді мекендерде құқықбұзушылықтардың алдын алу, орын алған қылмыстарды ізін суытпай ашу, қоғамдық тәртіпті барынша нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.
Сонымен қатар жедел – қызметтік жиында қаралған тағы бір өзекті мәселе жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпсіздікті бақылауды күшейтуді, учаскелік полицейлердің өз аумақтарындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардын алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме сөз жүргізу, жол-пайдалану қызметтерінде бұзушылықтарды жоюды ұйымдастыруды, жол инфрақұрылымына жауапты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жандандыруды басқарма бастығы Беркімбаев Дәулет Сүлейменұлы жеке құрамға нақты тапсырмаларды тапсырды.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!