Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 21:36

Қызылордада 2 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды

23.12.2024

48

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы бірлесіп бизнестің заңды құқығын қорғау мақсатында «Бизнеске жол» жобасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жоба аясында жыл басынан бері 1 850 кәсіпкерлік субъектісінің құқығы қорғалды.

Департаментінің  ақпаратына сәйкес жыл басынан бері «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өңір кәсіпкерлерімен 10 кездесу өткізілген.

–  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметі халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайын көтеруге, облыс тұрғындарын толғандыратын жүйелі проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған. Негізінен кәсіпкерлердің тарапына әкімшілік кедергілер мемлекеттік сатып алу, гранттар беру, сұйытылған газды бөлу, құрылыс, жер қатынастары және сәулет салалары бойынша шағымданады. Мұндай жағдайларда департамент уәкілетті органға тиісті ұсыныстар жолдайды. Нәтижесінде кәсіпкерлердің өтініші оң шешімін тауып, тиісті қаражаттары толық аударылады, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Ахметқалиев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: