Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Жексенбі, 03 наурыз, 06:49

Қызылордада 537 түлек «Алтын белгіге» үміткер атанып отыр

26.05.2023

1320

0

 Биыл елімізде оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Сәйкесінше, облыста 8210 түлек мектеп бітіреді. Ал 15 546 оқушы 9 сыныпты тәмамдайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет мәлімдеді.

Осы жылы 9 сынып бітірушілер үшін қорытынды аттестациялау 2-13 маусым, ал 11 сынып бітірушілер үшін 5-19 маусым аралығында болады.

«Биыл соңғы қоңырау шарасы 1 маусымда Балаларды қорғау күніне орайластырып өткізіледі. Салтанатты шараны өткізу туралы шешімді мектептер өздері дербес қабылдайтын болады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дипломдарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі 28 маусым мен 1 шілде аралығында өткізіледі. Ал 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру шарасы мектеп қабырғаларында 20-22 маусымда өткізілетін болады. Сынып сағаттары мен салтанатты жиын ұйымдастыру кезінде дипломдар мен сертификаттарды салтанатты түрде табыстау болады. Педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шараларды өткізуге, аниматорларды, демалыс агенттіктерін, жеке студияларды тарту үшін ата-аналардан қаражат жинауға жол берілмейді.Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық ретінде қаражат жинауға тыйым салынады. Бұл мақсатта облыстық білім басқармасы арнайы бұйрық шығарып, қалалық және аудандық білім бөлімдері арқылы барлық білім беру ұйымдарына тыйым салу жөнінде ескертілді. Ата-аналар мен оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді», – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында «Алтын белгіге» 537 оқушы үміткер болса, 915 түлек Үздік аттестатқа үміткер болып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: