Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 13:50

Қызылордада кәмпиттің ішіне есірткі жасырған әйел ұсталды

25.11.2024

60

0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті анықталды. Қарақшылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан азаматқа сәлемдеме әкелген әйел есірткіні кәмпит ішіне жасырып өткізбек болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тексеру кезінде 12 ақ түсті қағазға оралған кәмпит пен бір белгісіз ақ ұнтақ табылып, қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылған.

Тергеу барысында өзіне тән өткір иісі бар жасыл түсті және ақ ұнтақ заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардың 31,99 грамм кептірілген марихуана және 0,41 грамм мефедрон екені белгілі болып отыр.

Осыған байланысты сәлемдеме жеткізушіге ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.   

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: