Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 820 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 311 190-ға жетті.
«Соңғы тәулікте ауырғандардың ішінде
Нұр-Сұлтан қаласында – 180,
Алматы қаласында – 280,
Шымкент қаласында – 87,
Ақмола облысында – 8,
Ақтөбе облысында – 3,
Алматы облысында – 67,
Атырау облысында – 17,
Шығыс Қазақстан облысында – 12,
Жамбыл облысында – 35,
Батыс Қазақстан облысында – 7,
Қарағанды облысында – 56,
Қостанай облысында – 9,
Қызылорда облысында – 19,
Маңғыстау облысында – 10,
Павлодар облысында – 8,
Солтүстік Қазақстан облысында – 9,
Түркістан облысында 13 адам анықталды», – деп жазды комиссия.
Ал қауіпті індеттен бүгін 343 адам жазылып, қатарға қосылды. Оның ішінде,
Нұр-Сұлтан қаласында – 74,
Алматы қаласында – 236,
Шымкент қаласында – 0,
Атырау облысында – 2,
Жамбыл облысында – 9,
Қарағанды облысында – 16,
Қостанай облысында – 4,
Павлодар облысында 2 адам тұрады.
Елімізде барлығы 1 293 899 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!