Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Жұма, 22 қараша, 08:59

Қызылордада медициналық мамандар тапшы

19.09.2022

450

0

Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау ұйымдарында реаниматолог, инфекционистер тапшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде 100-ден астам дәрігер жетіспейді. Сондай-ақ тәжірибелі сурдопедагог, логопед және дефектологтардың тапшылығы айқын сезіліп отыр. Сол себепті аймақтағы құлағының мүкісі бар 50 шақты бала 2 жылдан бері есту аппаратының қосалқы бөлшегін ауыстыра алмай жүр. Ішкі құлақ иірімінің, жүйке талшықтарына, акустикалық ақпарат беруді қамтамасыз ететін кохлеарлы имплантация орнатқан науқастар құрылғының күйін келтіретін маманға зәру. Сырбойылық өрендер есту аппаратын жөндету үшін ірі қалалар, тіпті алыс-жақын шетелге баруға мәжбүр. Кадрлық дефицитті жою мақсатында қызылордалық 100 түлек отандық медициналық университеттерде арнайы тапсырыспен оқытылып жатыр. Сондай-ақ 30 шақты студент резидентуралық білімін жетілдіру үстінде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: