Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Дүйсенбі, 17 маусым, 01:51

Қызылордада мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді

02.06.2024

201

0

Желіде Қызылордада мұғалім әріптесін өлтіргені туралы ақпарат тарап жатыр.

Қызылордада мектеп мұғалімі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растап, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, күдікті қамауға алынды, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», – деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Бұл оқиғаға облыстық білім басқармасы да түсініктеме берді.

«31 мамырда екі мұғалімнің де еңбек демалысына кеткенін хабарлаймыз, оқиғаның мән-жайын құзырлы орган анықтап жатыр», – деп толықтырды ведомстводан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: