Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемесінің инспекторлары кезекті рейд барысында заңмен тыйым салынған сексеуіл ағашын тасымалдаған тұрғынды тоқтатты.
Бүгін сағат 13:30 шамасында Амангелді ауылының шығыс жақ беткейінде шамамен 3 шақырым жерде, Сырдария ауданының тұрғыны басқаруындағы ауыр жүк көлігінен сындыруға тыйым салынған сексеуіл отын ағашын толтыра тиеп келе жатқандығы анықталды.
ҚР ӘҚБтК-нің 389 бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың орын алуына байланысты заңды шешім қабылдау үшін, жинақталған құжаттар Қызылорда облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына жолданады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!