Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:11

Қызылордада ұлттық домбыра күніне орай гала концерт өтті

02.07.2023

295

0

Ұлттық құндылықтарымыздың бiрi – қасиетті қара домбыраны дәріптеу мақсатында Сыр өңірінде көптеген iс-шаралар ұйымдастырылуда. 

Аудан орталықтары мен ауылдарда түрлi мәдени-көпшілік жиындар мен кештер өткiзiлуде. Ұлттық домбыра күні қарсаңында  Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Күй мен күйшi» атты халық аспаптар оркестрінің күйші-концертмейстерлерінің республикалық фестивалі өтті. Оның қорытындысымен Тұңғыш Президент саябағында гала-концерт ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы өнер шеберлерін құттықтады.

Мерекелік кеште «Қара жорға», «Сарыарқа», «Адай» секілді күйлер орындалып, қалың көрерменге рухани азық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: