Қызылорда гарнизонында жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері мен азаматтық персоналына 5 маусымда өтетін референдумның тарихи маңызы түсіндірілді.
Аталған шараға «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Қарулы күштердің Құрметті ардагері запастағы подполковник Мыңділда Ршауовтыңқатысып, жалпыұлттық референдумның мақсаты мен міндеті жеткізді.
Мемлекет басшысының жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдай отырып, реформалар нәтижесінде еліміздің саяси, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық барысына қатысты өзгерістерге қатысты басымдықтарғатоқталды.
«Өткелі тұрған республикалық референдум соңғы 27 жыл ішіндегі тарихи мәнге ие маңызды оқиға. Жоғарғы Бас қолбасшымыз айтқан естуші жаңа Қазақстанды қалыптастыру ісі сіз бен біздің қолымызда. Оны құруға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек», – деді Мыңділда Ршауов.
Жиын соңындашараға қатысушылар жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдайтынын және Жаңа Қазақстанды құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатындықтарын жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!