Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-11°C

, Жұма, 02 желтоқсан, 00:53

Ресейліктер Қазақстанның Мәскеудегі елшілігіне гүл шоқтарын қойды

29.09.2022

235

0

Ресейліктер Ұлыбритания мен Ресей астаналарында орналасқан Қазақстан елшіліктеріне алғыс хаттар мен гүл шоқтарын қойып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінен түсірілген кадрлар тарап жүр. Ғимарат Pall Mall көшесінде орналасқан.

Жарияланған суреттерде адамдардың бір аптадан астам уақыт бойы ресейліктерді қабылдап жүрген Қазақстанға алғыс ретінде елшілігімізге гүл шоқтарын, хаттар мен плакаттар қалдырып жатқаны көрінеді.

Плакаттарда «көп рахмет» және «thank you» алғыс сөздері жазылған, сондай-ақ қазақстандықтар қазір ресейліктерді құтқарып жатқаны атап өтіледі.

Басқа кадрларда Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі бейнеленген. Мәселен, Twitter қолданушысы Александра Астахова Мәскеуде орналасқан ғимараттың алдына қойылған гүл шоқтары мен хаттарды көрсетті. Оларда «Қазақстан! Мейірімділік үшін рахмет! Біздің ер адамдарымызға пана бергендеріңіз үшін рахмет», деп жазылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: