Бүгін «Біз – таза аймақ үшін» бағдарламасы аясында орталық алаң мен «Тағзым» аллеясында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Оған мекеме қызметкерлері, еріктілер мен кент тұрғындары қатысты.
Сонымен қатар, Жалағаш кентінде «Ардагерлерді ардақтайық» кезекті акциясын жастар ресурстық орталығының белсенділері ұйымдастырды.
«Біз үшін ауыл тұрғындарына, оның ішінде тыл ардагерлеріне, зейнеткерлерге, жалғызбасты қарттарға көмек көрсету дәстүрге айналды, Біз олардың аулаларын қоқыстардан тазартамыз, ағаштарды ағартамыз, үйлерін тазалаймыз. Ақсақалдар әрдайым біздің жақсы істерімізге алғысын айтып, ақ баталарын береді. Бұл біз үшін ең жоғары марапат. Өйткені, «Таза Қазақстан» – бұл біздің көшелеріміз бен аулаларымыздың тазалығы ғана емес, ең алдымен бұл біздің жүрегіміз бен іс-әрекеттеріміздің тазалығы мен мейірімділігі» – дейді Жалағаш ауданының жастар ресурстық орталығының басшысы Асхат Ахметжанов.
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда
14.01.2025
113
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!