Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 08:52

Сәрсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

17.05.2023

398

0

Бүгін оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде күн құбылады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Кей жерлерде найзағай ойнап жаңбыр жауады, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте қатты жаңбыр жауады.

Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында бұршақ жаууы ықтимал. Республикамыздың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында солтүстік-батыс антициклонның жотасы өз әсерін тигізіп, күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстігінде – тұман, солтүстік– батысында шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде және орталығында, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: