Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Сәрсенбі, 05 ақпан, 14:59

Сапалы картоп сыртқа сатылып, сөреде Қытайдың сапасыз өнімі қалғаны рас па – министрлік жауабы

05.02.2025

8

0

Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев дүкен сөрелеріндегі картоптың сапасы туралы сынға жауап берді, – деп хабарлайды Қазақпарат.

– Тұрақтандыру қорларының аясында 87 мың тонна картопқа келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 50 мыңнан астам картоп қоры бар. Сапа туралы айтсақ, қазір маусымдар арасындағы өлара кезең екенін өздеріңіз түсінулеріңіз керек. Қыркүйек айында жинап алған картоптың сақтау мерзімі бар. Бүгінде оның белгілі бір деңгейде төмен сапада болуы – табиғи жағдай. Сөреге өнім түскеннен кейін адамдар іріктеп алып кетеді. Бәлкім, сіздің таныстарыңыз барған кезде іріктеуден қалған картопқа тап болған шығар. Дүкен әкімшілігі ассортиментті жаңартып үлгермеген де болуы мүмкін, – деп түсіндірді Ернұр Жәутікбаев.

Министрлік өкілі қазақстандық фермерлер өсірген сапалы картоптың бәрі сыртқа сатылып, ішкі нарықта Қытайдың сапасыз өнімі ғана қалған деген уәждерге де жауап берді.

– Экспорт пен импорт деген әрдайым болған. Қазіргі әлемде импорт пен экспорттың теңгерімі деген бар. Тіпті өзіңіз айтып отырған қытай картобын сатып алғанның өзінде өз таңдауыңызға байланысты. Өзіңізге қайсысы қолайлы, соны аласыз. Жалпы картоп сапасына жауапты бізден басқа мемлекеттік органдар бар. Соларға жүгінген жөн, – деп қайырды ол.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: