Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы мен «Дарын» бастауыш партия ұйымының ұйымдасуымен партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Этно ауыл» жазғы демалыс алаңында «Шаш адамның ажары» шарасы өткізілді.
Шараның мақсаты – қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық жан – жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт – дәстүрін дәріптеуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, мейірімділікке тәрбиелеу.
Шара барысында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева Ұлттық мұра» жобасы аясында жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеудегі еңбектерін бағалай отырып, партияның алғыс хатын табыс етті. Сонымен қатар, оқушыларға «Дарын» бастауыш партия ұйымы тәтті балмұздақтар таратты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!