Ұлттық статистика бюросы шипажайлардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2022 жылдың соңында ел аумағында 172 санаторлы-курорттық ұйым болған. Соның ішінде 109 санаторий, 27 оңалту орталығы, 9 профилакторий, 7 мамандандырылған және басқа да шипажай бар.
Сауықтыру ұйымдарының басым бөлігі жеке бизнеске тиесілі – 127, мемлекетке – 42, шетелдік меншікте – 3.
Шипажайлардың 66-сы қала аумағында орналасса, 106-сы ауылды жерде жұмыс істейді. Курорттық ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 72 ұйым жұмыс істейді. Одан кейін Ақмола облысы (13), Алматы қаласы мен Қызылорда облысы (11) тұр.
Былтыр шипажайларға 380 мың адам барды. Олардың басым бөлігі – әйелдер (60%).
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!