Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Сәрсенбі, 05 ақпан, 13:36

Швеция мектебінде атыс болды: кемінде 10 адам қаза тапты

05.02.2025

8

0

Швецияның Эребру қаласындағы ересектер оқитын Campus Risbergska мектебінде атыс болып, кемінде 10 адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға кеше түстен кейін болды, полиция қайғылы оқиға құрбандарының жеке басын анықтауда. Зардап шеккендердің жалпы саны әлі белгісіз, құқық қорғау органдары бес адамның жараланғанын хабарлады.

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон Эребрудағы мектепте болған атыс оқиғасын ел тарихындағы ең қатыгез жаппай атыс деп атады.

«Бүгін біз жазықсыз адамдарға қарсы қатыгездік пен өлімге әкелетін зорлық-зомбылықтың куәсі болдық. Бұл Швеция тарихындағы ең қатыгез жаппай атыс», – деді Кристерссон.

Швеция королі Карл XVI Густав та қаза болғандарға көңіл айтты. Король полицияға, құтқару қызметтеріне және дәрігерлерге адамдардың өмірін сақтап қалуға атсалысқаны үшін алғыс айтты.

Полиция оқ атқан адам қайтыс болғандардың бірі болуы мүмкін және ол жалғыз әрекет еткен деп болжайды. Кейбір швед ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқ атқан адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: