Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Сәрсенбі, 19 қараша, 19:36

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі

19.11.2025

4

0

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің шешімімен қабылданған 2020 жылғы 13 сәуірдегі «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» туралы заңнамада айқын көрсетілген.

 Аталған заңнамаға сәйкес бұл мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қағаз тасығышта не «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды түрде өтініш бере алады. Құжаттарды апостильдеуге өтінім түскеннен кейін соттың жауапты қызметкері сот органдарынан шыққан ресми құжаттың шынайылығын, қол қоюшының қолынын сәйкестігін, соттың мөртаңбасының түпнұсқаға сәйкестігін, арнайы үлгілерге қарап, тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Апостиль дегенміз – құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба болып табылады. Ол бізге не үшін керек, деген сауал туындауы мүмкін. Жалпы апостильденген құжат аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді және оны Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттің ресми органдары мойындайды.

Қазіргі заман талабы – бәрін цифрландыру. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматқа көшіп, халықтың уақытын үнемдеуде. Соның ішінде шетелге шығатын құжаттарға апостиль қою қызметі де заманауи үлгіге сай жаңартылды.

Апостиль деген не?

Қарапайым тілмен айтқанда, апостиль – құжаттың халықаралық деңгейде заңды күшке ие екенін дәлелдейтін мөр. Мәселен, соттан шыққан анықтама не шешіміңізді шетелге апарсаңыз, ол жақта құжатты ешкім дауламауы үшін апостиль қойылуы керек.

 Еліміздің барлық өңірлерінде сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою үшін сол өңірдің сотына тікелей барып немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарының филиалдарына жүгіну керек.

     Өтініштерді мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жолдайды. Сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және қызмет көрсетуші Қағидада енгізілген тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жібереді.

Жалағаш аудандық сот әкімшісінің бас маманы,

Судьялар Одағының мүшесі

Б.Исағабылов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: