Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Жексенбі, 24 қараша, 21:49

Ардагерлер спорттық сайыста бақ сынады

27.08.2024

260

0

Қарттарымыз өңір өміріне белсене араласуда. Жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар көрсетуде олардың өнегелі істері маңызды. Осы орайда XIІ аудандық ардагерлер спартакиадасы өтті. Ардагерлер арасындағы дәстүрлі спартакиадаға кент және ауылдық округтерден 120-ға жуық ардагер қатысты.

Салауатты өмір салтын ұстанған ардагерлер ара­сындағы спорттық сайысты аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов ашып, жарыстың маңыз­дылығына тоқ­талып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Салауатты өмір салтын орнықтыруда спорттың маңызы зор. Сіздер жастарға үлгі болып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қосып келесіздер. Бү­гінгі спартакиада – осындай игі істердің дәлелі. Сіздерді өмірде әрқашан азаматтық пен адамгершіліктің үлгісі, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білген азамат ретінде танимыз. Сіздерді бұдан әрі де арамызда ақылшы, кеңесші бола жүріп, еліміздің игілігі үшін қоғам өміріне белсене араласады деп сенемін. Барлық қатысушыларға және ұйымдастырушыларға алғысымды білдіре отырып, спартакиаданы ашық деп жариялаймын. Бәріңізге сәттілік тілеймін, – деді Ғани Сүлейменов.
Дүбірлі доданы өткізудегі басты мақсат аудан тұр­ғындарының салауатты өмір-салтын қалыптастыра оты­рып, бұқаралық спорттың дамуына ықпал жасау болып табылады.
Жарыстың маңыздылығына тоқталған аудандық арда­герлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев алғаш 60 адамға жуық қа­ты­сушымен басталған бұл спорттық бәсеке бүгінде үлкен ма­ңызға ие болып, қатысушылар саны үш есеге арт­қанын айтты.
Тартысты өткен спорттық сайыстың нәтижесімен командалық есеп бойынша І орынды Мәдениет ауылдық округі иеленсе, ІІ орынды аудан орталығының арда­герлері еншіледі. Ал ІІІ орынды Қаракеткен ауыл­дық округінің қариялары жеңіп алды. Жарыс жеңім­паздары арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: