Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

11°C

, Бейсенбі, 28 наурыз, 13:17

Порье МакГрегорді жеңгеннен кейін өзін Хабибтің орнына UFC чемпионы деп жариялады

25.01.2021

579

0

Америкалық файтер Дастин Порье екі салмақ дәрежесі бойынша лига чемпионы Конор МакГрегорді жеңгеннен кейін пікір білдірді.

Айта кетейік, UFC 257 турнирінің басты жекпе-жегі Әбі-Дабиде өтті. Дастин Порье Конор МакГрегорді екінші раундта жеңді. Америкалық файтер өзін жеңіл салмақта чемпион деп есептейтінін атап өтті. Бұл салмақта ресми түрде титул Хабиб Нурмагомедовке тиесілі.

«Мен бақыттымын, бірақ мүлдем таңғалып тұрған жоқпын. Көп жұмыс істедім. Алдымен Конорға алғыс айтқым келеді. Құрметімді білдіремін. Ол нәтижені нағыз профессионал ретінде қабылдады. Енді есеп 1-1 және мұны тағы қайталай аламыз. (…) Керемет жекпе-жек, керемет жеңіс. Бірақ біз бұдан да маңызды дүниелер үшін төбелесеміз. Үйге келген соң өзімнің қайырымдылық қорыммен айналысамын. Командамды, әйелімді, қаламды жақсы көремін. Техникалық тұрғыдан мықты болып, жақсы соққы беру деген тапсырма болатын. Бұған титул жекпе-жегі деп қараймын. Егер Хабиб оралмаса, біз дивизиондағы ең мықтылармыз. Сондықтан бұл титул үшін жекпе-жек болды. Мен – чемпионмын», – деді ол жекпе-жектен кейін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: