Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» командасының негізгі құрамынан шеттетілді, – деп хабарлайды Vesti.kz.
The Athletic мәліметінше, «МЮ» командасының бас бапкері Эрит тен Хаг 37 жастағы шабуылшыны негізгі құрамның жаттығуынан шеттеткен. Енді ол жекелей дайындалады.
Сонымен қатар, Роналду АПЛ 13-турындағы «Челсиге» қарсы кездесуге қатыспайды.
Айта кетейік, кеше португалиялық футболшы «Тоттенхэмге» (2:0) қарсы ойын аяқталмай жатып стадионнан кетіп қалды. Ал ойында Роналду алаңға шықпаған.
Кейбір дереккөз мәліметінше, шабуылшы ойынның аяғында алаңға шығудан бас тартқан.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!