Елде сұйылтылған газ бағасы өзгермейтіні белгілі болды.
Энергетика министрлігі 2025 жылдың екінші жартыжылдығында сұйытылған мұнай газының көтерме бағасын ағымдағы деңгейде, яғни тоннасына 51 932 теңге деңгейінде ұстауды жоспарлап отыр.
Тиісті бұйрық жобасы қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланды және 2025 жылдың 24 маусымына дейін бұқаралық талқылау үшін қолжетімді болады.
Еске салайық, жоғарыда аталған баға 2025 жылдың 1 ақпанында белгіленген және 30 маусымға дейін жарамды.
Бағаны ұстап тұру туралы шешім ішкі нарықты тұрақтандыруға және автомобиль көлігінде де, күнделікті өмірде де кеңінен қолданылатын жанармай құнының күрт қымбаттауына жол бермеуге бағытталған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!