Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сәрсенбі, 09 қазан, 11:46

Судағы қауіпсіздік ережелері!

09.08.2023

469

0

Жаз маусымында көптеген аудан тұрғындарының су айдындарына барып шомылатыны баршамызға мәлім.

         Адамдар ажалының негізгі себебі шомылуға арналмаған жерде суға түсу, балаларды қараусыз қалдыру және мас күйінде шомылу болып табылады. Әсіресе, адамдардың өзіне тым сенімді болуынан, өз мүмкіндігін бағамдай алмауы мен судағы қауіпсіздік ережелерін сақталмауынан қайғылы оқиғалар орын алады.

Осыған байланысты аудан тұрғындарының назарына су айдындарына шомылған жағдайда төмендегі судағы қауіпсіздік ереже талаптарын сақтауларыңызды сұрайды:

  • Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз;
  • Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз;
  • Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар;
  •  Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз;
  • Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз;
  • Қоршау белгілерінен тысқара аумаққа шықпаңыз;
  • Техникалық ескерту белгілерінің және басқалардың үстіне шығушы болмаңыз.

Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ЕСКЕРТЕДІ:

  •  жүрек ауруы бар адамдарға;
  •  талып қалу, құлап қалуға бейім адамдарға;
  •  құлақтың дабыл жарғағының жарақаты бар адамдарға шомылуға тиым салынады;
  • Суға шомылу талаптарының орындалмауы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 364-бабы ( ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) және 412-баптары (Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау) бойынша әкімшілік шаралар көзделген.

Төтенше жағдай орын алған кезде 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыздар!

Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: