Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Жұма, 19 сәуiр, 08:19

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі семинар кеңес

15.06.2022

616

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Ахан Кенжебаевтың қатысуымен семинар кеңес өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың алдын-алуға байланысты өткізілген семинарға Жалағаш аудандық қазынашылық басқармасының қызметкерлері қатысты.
Аталған отырысты Жалағаш аудандық қазынашылық басқармасының міндетін атқарушы Дастан Бақтияров ашып, жүргізіп отырды.
Жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына шектеу қояды, әсіресе экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігін нақты жолдарын білулері қажет. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Жастар-жемқорлыққа қарсы. Әр азаматтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру қажет. Сондықтан жастарды бала күннен бастап отанға деген патриоттық сезім, әділдік, парасаттылық, пен адалдық қасиеттерді уялату қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы – деді Ахан Кенжебаев.
Семинарда сыбайлас жемқорлықтың салдары, қоғамымызға зияны туралы жан-жақты талқыға түсіп, қызметкерлер пікірімен сараланды.
Басқарма басшысының міндетін атқарушы Дастан Бахтияров жалпы семинар-кеңестер уақытылы және сапалы өткізілуі кез келген қызметкердің білімінің жоғарлауына жақсы әсер ететіндігін атап өтіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдарды алдын алу туралы» жүргізілген семинарды қорытындылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: