Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

11°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 06:28

Тәжік-ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

07.04.2023

496

0

Аудан әкімі Асқарбек Есжанов Тәжікстан – Ауғанстан учаскесіндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған әскери қызметшілермен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық кеңес төрағасы, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, полиция бөлімі мен бірқатар бөлім, мекеме басшылары және ауыл әкімдері қатысты.

«Бүгін біз 1995 жылғы 7 сәуірде Тәжік-ауған шекарасында қаза болған қазақстандық бітімгершілерді еске алудамыз. Сіздер әрқайсыларыңыз өліммен бетпе-бет келіп, қасқайып тұрып, өз әскери борыштарыңызды лайықты түрде орындадыңыздар. Ерлік туралы үнемі айту қажет. Себебі, оны соғыс және бейбіт күндері айтатын уақыты және орны бар. Интернационалшылардың ерлігі мәңгі жүрегімізде сақталады. Қазақстан әскери қызметшілерін Тәжікстанда еске алып, құрмет тұтады. 1993-2001 жылдары болған Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығысқа 8500 қазақстандық қатысып, өздерінің интернационалдық және жауынгерлік борыштарын адал атқарды. Көптеген жауынгерлер оққа ұшып, жат жерден топырақ бұйырды. Із-түзсіз кетіп, мүгедек болып оралғандары қаншама?! Оларды ұмытпау, ерліктерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – біздің мақсатымыз. Біздің ауданымыздан 20 жауынгер қатысып, өздерінің отан алдындағы борышын адал өткеріп келді. Өздерін бейбіт күннің құрбаны қылған жауынгерлердің ерен ерліктері қанша уақыт өткеніне қарамастан, ел есінде, ұрпақ жадында сақталуы тиіс», – деді, Асқарбек Темірбекұлы.

Кездесу барысында аудан әкімі Тәжік – Ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысып, ерлік көрсеткен ардагерлерді марапаттап, шекара шебінде ерлікпен қаза азаматтардың құрметіне Жалағаш кентіндегі “Тағзым” аллеясына ескерткіш орнататылатынын жеткізді.

Бүгінгі күннің батырларының құрметіне арнайы кездесулермен қатар аудандық деңгейде спорттық шаралар ұйымдастырылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: