Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Жер телімдерін табыстау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық» мәселелері бойынша тақырыптық қабылдау болып өтті.
Аталған қабылдауға келген өтініш иесі тұрғын үй мәселесі бойынша өтініш білдірді. Аталған өтінішке Жалағаш аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Сығайбаев Болат тұрғын үй алу бойынша бірқатар заңдылық кеңестер берді.
Әлеуметтік желі арқылы Дәуімбай елді мекені А.Қазбеков көшесінің тұрғыны ауыз мәселесін көтерді. Аталған өтініш иесінің мәселесімен мұқият танысу мақсатында Жалағаш аудандық мәслихат депутаты Ахан Кенжебаев және «Жалағаш ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік мекемесінің аға шебері Жалғасов Талғатпен бірлесіп зерделеу жұмыстарын жүргізді. Өтініш иесіні ауыз су бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!