Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сенбі, 04 мамыр, 07:58

Тазалық бәрінен маңызды

09.04.2024

345

0

Қоқыс – жаһандық мәселе. «Тазалық – саулық негізі» деген ұғымды бала күнімізден санамызға сіңірсек те, әлі де тазалыққа салғырттық танытып жүрміз. Оған соңғы уақытта кент орталығынан тысқары көше бойларында қапқа салынып үйілген қоқыстар дәлел. Кенттің де кескінін кетіріп жүрген күл-қоқыстарды да көше бойларынан табу қиын емес.

Бүгінде аудан орталығына қоқыс лақ­тыру, көлікпен өтіп бара жатып бос құты қалдығын тастау тыйылмай тұр. Апталап жатып қалатын қоқыс са­лынған қапшықтарды көшедегі иесіз иттер мен мысықтар, одан қалды үй жа­нуарлары жыртып, оның ішіндегі тұр­­мыстық қалдықтар айналаға ша­шы­лып, кенттің көркін қашыруда. Осы ретте көктем келісімен аудандағы меке­мелер жаппай сенбілікке шығып жұмыс орнының маңайын, ауласын ретке келтіруде. Бірақ бұл тек мекеме мойнындағы іс емес. Сол себепті тұрғындар ауласын сенбілікке сілтемей, өзі тазартқаны жөн.
Себебі тазалық әр адамның өзінен басталуы тиіс. Өз ауласын тазартып, абаттандыруға көңіл бөлсе, ауаны да тазартып, ауданды да көркейтуде үлес қосар еді. Одан бөлек күл-қоқыстармен келетін түрлі инфекциялық аурудың алдын алары анық. Әсіресе көше бо­йына қойылған қоқыс жәшігіне салы­натын қалдықтардың тиісті жәшіктің ішіне салынуы, жәшік толған жағдайда жауапты мекеменің уақытында та­зар­тып отыруы тазалыққа үлкен септігін тигізеді.
Кешегі сенбіде кент және ауылдық округтерде жаппай сенбілік шаралары тағы да ұйымдастырылды. Оған аудан бо­йын­ша меншік нысанына қара­мас­тан 145 мекемеден 1600-ге жуық адам қатысып, 16 тех­ника жұмыл­дырылды. Сенбілікте көше­лер мен саябақтардағы қоқыстар тазартылып, қураған талдар кесіліп, аяқ су жүретін арықтар қураған жапырақтардан арылды. 15 тоннаға жуық күл-қо­қыс белгіленген орындарға шыға­рылды. Талдар мен жол жиегіндегі қоршау тастарды әктеу, парк­­тер мен аллеяларды тазалау жұ­мыс­­тары жүргізілді. Сондай-ақ сен­білік жұ­мыстары аясында көшелер, ал­леялар мен саябақтарда 700 түп ағаш отырғызылды.
Аудан әкімі Ардақ Ибраи­мов жауапты сала бас­шы­ла­рына егіл­ген талдарды күтіп-бап­тау, арық­тар­ға су келтіру, арнайы қор­шау­лар ор­нату жұмыстарын тапсырды. Жи­нал­ған қоқыстарды шығаруға кент бо­йынша жауапты мердігердің, ауыл­дық округтер бойынша шаруа қожа­лық­тардың техникалары жұмыл­дырыл­ды.
– Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей ат­салысты. Әрбір ұжым, мекеме қыз­мет­керлері өздеріне бөлінген ау­мақ­тарда, көшелерде тазалық жұ­мыс­тарын қар­қынды жүргізді. Сенбілік барысында талдар әктеліп, саябақтардың іші мен мекемелердің айналасы қоқыстан арылды, – дейді аудан тұрғыны Айнұр Қойшыбекқызы.
Сенбілік барысында тазалық жұ­мыс­тарымен танысқан аудан әкімі Ардақ Әбдіғаппарұлы аймақтар бо­йынша жауаптылар тазалықпен қа­тар көше тұрғындарына, жалпы ха­лыққа тұрғын үй маңында көркейту-кө­гал­дан­дыру, санитарлық-тазалықты сақ­­­тау керек екенін, туған жердің та­за болуын тек сенбі күні ғана емес, үз­діксіз бақылап, мәдениеттілікті арт­тыру қажеттігін де атап өтті.
Расында ауданның көркеюі мен та­залығында дәл осындай сенбілік­тердің алар орны ерекше. Осындай жұмыстар арқылы көшеде өсіп тұрған тал діңгегі әктеліп, артық шөптер тазартып, тазалық сақтауға бір адамдай барлық аудан тұрғынының ат салысуының арқасында өңір таза қалпын сақтауда. Бұл шара арқылы тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалып­тастыруға жә­не көшелердегі тазалықты сақ­тау, экологиялық мәдениетті қа­лып­тастырып, санитарлық жағдайын жақ­сартуға болады.
Былтыр елімізде осындай ша­ра­лардың ар­қасында елімізде 4 млн тон­надан астам коммуналдық қоқыс жиналған. Орташа есеппен алсақ, әрбір қазақстандыққа 220 келіден келеді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегіне сүйен­сек, ең көп қоқыс Алматы қала­сында тіркелген. Яғни былтыр Алматыда 482 мың тонна қоқыс жиналған. Мұнан бөлек Қарағанды об­лысында 343 мың тонна қоқыс шығарылған. 2023 жылы қоқыстың 24 пайызы ғана өңделген. Оны өңдеумен айна­лысатын елімізде 38 кәсіпорын бар. Оның 18-і макулатураны өңдесе, 15-і пластикті өң­деумен айналысады. Ал 5-еуі – шы­ны өңдейтін кәсіпорын.
Айта кетейік, алдағы уақытта елімізде қо­қысты өңдеумен көбірек айналыс­қан­дарға арнайы жеңілдіктер жа­са­лады. Ал қоқысты бей берекет тастаған аза­маттарға айыппұл күшейтілмек. Қазіргі кезде әкімшілік құқық бұзушылық ту­ралы кодекске белгіленбеген жерлерге қоқыс шығарғаны үшін айыппұлды көбейтуді көз­дейтін түзетулер әзірленіп жатыр. Мысалы, жеке тұлғалар үшін 50 АЕК-ден 100 АЕК-ге дейін, ал ша­ғын кәсіпкерлік субъектілері немесе ком­мер­циялық емес ұйымдар үшін 100 АЕК-ден 200 АЕК-ге дейін айыппұл қарастырылады.
Иә, енді елі­мізде белгіленбеген орындарға қоқыс тастағандар қыруар айып­­пұл арқаламақ. Тазалық ұғымы қо­­қыс­тарды жинаған жерде емес, шаш­­­паған жерде қалыптасатынын ес­тен шығармайық.

Ақтоты БҮРКІТБАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: