TikTok жетекші қысқа және креативті бейне платформасы қазақстандық бизнесті ел ішінде де, шетелде де қолдауға және танымал етуге бағытталған #ҚазақстандаЖасалған жаңа конкурсының басталғаны туралы хабарлайды. Байқау «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (ҰКП) бірлесіп жүзеге асырылуда.
TikTok кәсіпкерлерге өз идеялары мен өнімдерін жаһандық платформада ілгерілету үшін кең мүмкіндіктер бере отырып, бизнестің өсуіне белсенді түрде ықпал етеді. Үлкен аудиториясы және мазмұнды құру және таратудың қуатты құралдары бар TikTok кәсіпкерлерге бренд туралы мағлұматты арттыруға, әлеуетті тұтынушыларға қол жеткізуге және бизнесін кеңейтуге мүмкіндік беретін жергілікті және халықаралық компаниялар үшін тиімді платформаға айналуда.
Байқау 9 желтоқсанда басталып, өтініштер 29-ына дейін қабылданады. Қатысушылар өз тарихымен бөлісіп, қысқа бейне форматында өз бизнесі, оның міндеттері мен мақсаттары туралы айту керек. Жоба жергілікті кәсіпкерлер қауымдастығына өзі жайында, сонымен қатар, Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесі туралы айтудың бірегей мүмкіндігін беріп қана қоймай, басқаларды өз бизнесін құруға шабыттандырады.
Байқау аясында жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталады:
1. Әлеуметтік бизнес: мүгедектерге немесе басқа да осал топтарға қолдау көрсету сияқты әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін.
2. Жасыл кәсіпкерлік: қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық таза технологияларды пайдалануға бағытталған бизнес-бастамалар үшін.
3. Жастар бизнесі: Ойын ережелерін өзгерте алатын жас кәсіпкерлер мен стартаптар үшін.
4. Бір ауыл – бір өнім: дәстүрлер мен аймақтық ерекшеліктерді көрсететін бірегей өнімдер мен қызметтерді қолдау үшін.
Қатысушылар 16 жастан асқан, Қазақстанда тұруы және жалпыға қолжетімді TikTok профилі болуы керек. Қатысу үшін 30 секундтан 2 минутқа дейін созылатын, бизнестің мәнін, сонымен бірге, оның шешетін мәселелерін ашатын қысқа бейнеролик жасап, оны TikTok-қа #ҚазақстанЖасалған хэштегімен орналастыру қажет. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға – 4 дана iPhone 16 Plusсмартфонына ие болады.
Конкурс екі кезеңмен бағаланады:
1-кезең: Жоба ережелеріне сәйкес бейнелердің қысқаша тізімін жасау, сондай-ақ, оларды номинациялар арасында бөлу.
2-кезең: TikTok пен «Атамекен» ҰКП өкілдерінен тұратын қазылар алқасы жеңімпаздарды бірегейлік пен креативтілік, сондай-ақ, елдің экономикалық дамуына және қоғамның мәселелерін шешуге қосқан үлесі бойынша анықтайды.
Конкурсқа қатысу үшін:
– қатысу үшін номинацияны таңдау.
– таңдалған номинация бойынша бейнеролик жасап, оны #ҚазақстандаЖасалғанхэштегімен жариялау
– #ҚазақстандаЖасалған хэштегінің сипаттамасындағы сілтеме арқылы конкурс бетіне өтіп, арнайы форма арқылы байқауға қатысу үшін бейнеролик жіберу.
Жеңімпаздар 2025 жылдың қаңтарында жарияланады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!