Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

34°C

, Дүйсенбі, 16 маусым, 21:15

Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды

16.06.2025

14

0

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға келді, деп хабарлады Ақорда.

Си Цзиньпинді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайынан қарсы алды.

Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті.

Елорда әуежайының терминалында Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Қытай Халық Республикасының төрағасы «Қытай-Орталық Азия» саммитіне қатысады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: