Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен Халықаралық Фараби оқулары аясында «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» (МТIJ) атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өттіі.
Шара шеңберінде ұйымдастырылған сессиялар және ғылыми пікірталастарда бірнеше бағыт қамтылды: заманауи білім берудегі цифрлық орта; жаппай ашық онлайн курстары, тұрақты даму – жаһандық тренд және медиа талабы, қазіргі журналистер қызметіндегі этикалық индикаторлар; инклюзивті білім беру технологиялары және өзгерістерді жобалау; қоғамның тұрақты даму концепциясын жүзеге асырудағы БАҚ, этножурналистика кросс-мәдени коммуникацияның жаңа форматы; тұрақтылықты сақтаудағы журналистік шешімдер және жергілікті БАҚ әлеуеті.
Конференция барысында әлемдік және отандық журналистика саласындағы жетекші сарапшылардың шеберлік сабақтары жоспарланды. Халықаралық деңгейді қамтыған конференцияға отандық және шетелдік БАҚ басшылары, журналистер, БҰҰ-ның Қазақстандағы Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілдері, шет мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтарының өкілдері, АҚШ, Ұлыбритания Польша, Түркия, Ресей ғалымдары мен бұқаралық коммуникация саласының зерттеушілері, оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Жиынның ашылу салтанатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы халықаралық қауымдастықтың ынтымақтастығын арттыра отырып, білім беру жүйесінде ортақ жетістіктерге қол жеткізуге болатынын жеткізді. , ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысова соңғы 7 жылда Кафедраның әлемдік деңгейдегі жетістіктеріне тоқталды. Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілі, Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы Властемил Самек ғылыми орта бас қосқан конференцияның экология, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі, гендерлік саясат т.б. күн тәртібінде тұрған жаһандық проблемаларды шешуге үлес қосатынын айтты.
Бірнеше елдің өкілдері пікір алмасқан конференцияда Венгриядағы Дебрецен университетінің профессоры Бичзо Габор, Венгриядағы ғылыми елші, Дебрецен университетінің докторанты, Әбдінасыр Назира, Польшадағы Адам Мицкевич университетінің профессоры Радослав Фидлер, «Ала-Тоо» Халықаралық университеті Журналистика факультетінің деканы Турдалиева Элира, а –Пенза мемлекеттік университетінің доценті Зуеева Галина, Қ.Қатындағы Бішкек мемлекеттік университетінің доценті Асанова Алтын, Түркітілдес журналистер қорының президенті Н.Жоямергенқызы т.б. баяндама жасады.
Нәзия Бисенова.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!