Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жексенбі, 24 қараша, 05:53

«Үсік болады, жел күшейеді»: Синоптиктер еліміз бойынша демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

14.09.2024

129

0

 Синоптиктер 14-16 қыркүйекке арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы жариялады. Болжамға сай  антициклон ел аумағының көп бөлігіне әсер етеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазгидромет болжамынша, демалыс күндері антициклон Қазақстан аумағының көп бөлігіне әсер етеді. Сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр жауады. Республиканың шығысында түнгі уақыттарда жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.

Республика бойынша желдің күшеюі болжанады.

Түнде және таңертең елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман болады. 16 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

Күндіз ауа температурасы: республиканың батысында +20+30°С, солтүстік-батысында +12+25°С, шығысында +5+18°С, оңтүстігінде +23+32°С, елдің солтүстігінде және орталығында +15+23°С-тан +10+18°С, оңтүстік-шығысында +10+23°С-тан +15+27°С-қа дейін көтерілмек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: