Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Жексенбі, 12 мамыр, 22:31

«Үздік аула-2023» байқауына өтінім қабылдау басталды

19.06.2023

335

0

Қызылорда қаласында қала күнін мерекелеу аясында «Үздік Аула» байқауын өткізу дәстүрге айналған үрдіс. Биыл бұл байқау алтыншы мәрте өткізілуде.

Байқау шартына биыл өзгерістер енгізіліп, жасыл-желекті  көпқабатты тұрғын үйдің ауласына ғана емес, жеке тұрғын үйдің сыртқы аумағына да өз еңбегімен еккен қала  тұрғындары қатыса алады. Ол үшін инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілері арқылы #Qzo #Qyzylorda #Үздікаула2023 хэштегтерін міндетті түрде пайдалана отырып, «Сүйікті қалам – Қызылорда» тақырыбында жылы лебізін жолдап, көгалдандырудағы тәжірибесімен бөлісіп, өз парақшасында сапалы суреттер мен 16:9 форматындағы видеоны жариялау қажет. 

Байқауға материалдар 19 маусым мен 31 тамыз аралығында қабылданады. 

Байқаудың қорытындысы комиссия шешімен анықталып, қала күніне арналған салтанатты іс-шарада марапатталады. Бұған дейін жеңімпаз атанған аулалар байқауға қайта қатыса алмайды. І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар күтеді.

Байқауға қатысты барлық сұрақтарды  Әсел Бақытбекқызынан  8 707 774 7606 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: