Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Жұма, 28 маусым, 11:49

Ұлт мақтаныштары

07.06.2024

656

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы мен «Жастар» бастауыш партия ұйымының бірлесіп ұйымдасуымен партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Этно ауыл» жазғы демалыс алаңында «Ұлт мақтаныштары» тақырыбындағы эстафетамен жалғасты.


Эстафеталық ойындардың негізгі мақсаты – ойындар арқылы дене шынықтыру іс – әрекетерінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі оқушыларды тәрбиелеу, жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру болып табылады.


«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева ұйымдастырылған шараның маңыздылығына тоқталып, сайысқа қатысушы екі командаға сәттілік тіледі. «Жастар» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұржан Амандық әрбір ойын туралы оқушыларға түсіндірді.


Ұйымдастырылған шарада балалар екі топқа бөлініп өзара сайысқа түсті. Яғни, оқушылар кедергілерден өту арқылы қазақ зиялыларының суреттері бойынша олардың шығармаларын сәйкестендіру, Қазақстан картасы мен киіз үйді құрастыру және арқан тартыс сайыстары өткізілді.
Шара соңында балаларға балмұздақ таратылып, Жалағаш аудандық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: