Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Дүйсенбі, 13 мамыр, 02:09

Ұлттық құндылықтар тәрбиесі

09.06.2023

651

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы мен «Дарын» бастауыш партия ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен «Ақтерек» жазғы сауықтыру лагеріндегі тынығушы оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Ұлттық құндылықтар тәрбиесі» тақырыбындағы іс-шарасы болып өтті. Аталмыш шара партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаеваның идеясымен өткізілді.
Аталмыш шараның мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарымызды насихаттай отырып, балаларды еңбекке баулу және рухани демалыс ұйымдастыру.


«Ұлттық мұра – ұлт қазынасы» атадан балаға мұра болып сақталған сонау ерте замандардан келе жатқан ұлттық жәдігерлеріміз оқушылар назарына ұсынылды. Сонымен қатар, оқушыларға күбі пісу, нан жабу, құрт жаю, бауырсақ қуыру, дейірман тарту, келі түю, жүн сабау, жүн түту, ұршық иіру, құрақ құрау, қамшы өру, шыбын ұрғыш әзірлеу, ләңгі дайындау технологиялары көрсетілді.
Бүгінгі шараның жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысқан «Дарын» бастауыш партия ұйымына, төрағасы Талғат Құрақбайұлына, асқан жауапкершілікпен көрмені дайындауға атсалысқан Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицей және З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: