Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:22

Ұлттық құндылықтар ұлтты құрметтеуден басталады

07.06.2024

875

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы мен «Дарын» бастауыш партия ұйымының бірлесіп ұйымдасуымен партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Этно ауыл» жазғы демалыс алаңында ұлттық құндылықтарымызды сурет салу шарасы өткізілді.


Шараның негізгі мақсаты – балаларды өнерге баулу, туған елге, жерге деген сүйіспеншілікті және махаббатты одан әрі ояту, ұлттық бірлікке тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды суретпен өрнектеу, сонымен қатар дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға көмектесу.


Оқушылар түрлі түсті бояулардың көмегімен түрлі сурет салу өнерін көрсетті. Ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақтың бойына сіңіру және оны жадымызда сақтау баршамызға ортақ іс болып табылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: