Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Жұма, 26 сәуiр, 16:24

«Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды»: Қазалы ауданында орын алған оқиға жіті бақылауда

11.04.2023

375

0

Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы екі мектеп оқушысы арасындағы жанжалға байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабына сәйкес тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов мәлімдеді. 

«Тергеу барысында жәбірленушіні ұрып-соққан барлық тұлғалардың жеке бастары анықталып, олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта Қазалы ауданында криминогендік ахуал тұрақты. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен рейдтік жұмыстар жалғасуда.  Полиция департаменті бастығының тапсырмасымен жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары Қазалы ауданында арнайы құрылған жедел штабтың құрамында жұмыс жасауда. Аталған құқық бұзушылықты дер кезінде анықтамай, алдын алу шараларын жүргізбеген Қазалы аудандық полиция бөлімінің басшысын қызметінен босатуға ҚР ІІМ-не ұсыныс жолданып, 10 қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекетері жалғасуда, ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, қалған тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді», – деді Шамшидин Егембердіұлы. 

Аталған оқиғадан зардап шеккен оқушының қазіргі уақытта жағдайы қалыпты. 

«Қазіргі таңда, баланың жағдайы динамикада жақсаруда. Ауруханаға келгеннен бастап барлық медициналық көмек көрсетілуде. Бұған қоса, Теміржол ауруханасына ауысқаннан бері де денсаулығы мамандардың қатаң бақылауында, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков. 

Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет оқушылардың ата-аналарымен кездескенін айтты. 

«Орын алған оқиғадан соң Қазалы ауданында аудан әкімімен бірге №70 мектепте жоғары сынып оқушылар, ата-аналар, мұғалімдермен кездесу өткізілді. Кездесу барысында осы орын алып жатқан жайттар ең алдымен отбасыдағы өнеге мен тәрбиеге тікелей байланысты екені және балалардың қайда жүргеніне, кіммен жолдас болғанына аса мән беру керек екендігі түсіндірілді. Жиын барысында барлық жоғары сынып оқушылары мен ата-аналарымен кездесіп, аталған мәселелерді талқылап, түсіндіру жөнінде білім бөлімі мен білім беру ұйымдарының басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге байланысты балалардың қызығушылықтарына, сұраныстарына сай жаңа әдістерді, түрлі тәсілдерді пайдалану керектігі жөнінде және ата-аналар комитетімен жұмысты күшейтуді тапсырылды. Ауданға барғанда жарақат алған оқушының жағдайымен танысу үшін арнайы өзім ауруханаға бардым. Баланың денсаулығы бір қалыпты, ем қабылдауда. Ата-аналарымен де кездесіп, әңгімелестік.Осы орайда әкімшілік қадағалауды өз деңгейінде үйлестірмеген және кемшіліктерге жол берген Қазалы ауданындағы №70 мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары жұмыстан босатылып, директорларына қатаң шара көрілетін болады. Сонымен қатар Қазалы аудандық білім бөлімінің басшына қатаң сөгіс беріліп, басқа да жауапты мамандардың жауапкершілігі қаралатын болады», – деді Мейрамбек Шермағанбет.

340301909_641381111151935_4148257512913654409_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: