Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Жұма, 26 сәуiр, 15:55

Уролог ер адамның денсаулығына пайдалы өнімдерді атады

16.11.2022

311

0

Ерлер денсаулығын сақтауы үшін жаңғақ, көкөніс, сиыр бауырын жеп, ішімдік пен қанттан бас тартқаны дұрыс. Бұл туралы уролог Сергей Громов айтты, – деп хабарлайды News.ru.

Маманның сөзінше, ер адам рационында жануар мен өсімдік ақуызы болуы керек. Оның ішінде құс еті, балық, бұршақ дақылдары мен жарма, сондай-ақ, мырышқа бай тағамдардан теңіз өнімдері, жаңғақ, асқабақ тұқымдары, күнжіт болғаны дұрыс.

«Бір уыс асқабақ тұқымы немесе жаңғақ құрамында мырыштың күнделікті мөлшері болуы мүмкін. Сондай-ақ, сиыр бауыры, какао ұнтағы, қатты ірімшік мырышқа бай. Бұл элемент простата безінің қалыпты жұмысында, тестостерон гормонын, инсулинді және өсу гормонын өндіруде маңызды роль атқарады», – деді Громов.

Дәрігер ерлер денсаулығына пайдалы А және Е дәрумендерін де назардан тыс қалдырмау керегін айтты. Олар өсімдік майларында, жаңғақта және дәнді дақылдарда көп. Уролог диетада энергия көзі ретінде күрделі көмірсулар болуы керек екенін атап өтті. Оған дәнді дақылдар, бұршақ дақылдары, көкөністер мен жемістер жатады.

Уролог ерлерге қанттан бас тарту керегін ескертті.

«Ол барлық жерде бар, тіпті қытырлақ тіскебасар, тұзды крекер және басқа да пайдасыз тағамдарды дайындаған кезде қосылады. Фаст-фуд, шұжық, неден жасалғаны белгісіз жартылай фабрикаттарды ұмытыңыз. Бұл – семіздік пен екінші типтегі қант диабетіне апарар жол. Ішімдік пен темекіден бас тартыңыз, жиі жаттығу жасаңыз», – деп қорытындылады дәрігер.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: