Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Сенбі, 05 қазан, 19:29

Жәнібек Әлімханұлы Сиднейдегі бокс кешінде Андрей Михайловичті нокаутпен жеңді

04.10.2024

140

0

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) бүгін жаңазеландиялық Андрей Михайловичтен басым түсті. Қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласымен тартысты жекпе-жек өткізді деп хабарлады KAZINFORM

12 раундқа жоспарланған кездесуде отандасымыз айқын басымдылық танытты. Бірінші раундта Андрей Михайловичті нокдаунға түсірді. Ал, тоғызыншы раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша Жәнібек қарсыласын Сиднейде сан соқтырып, чемпиондық белбеуін сақтап қалды. 

Айта кетсек, бұл жекпе-жек шілде айында өтуі тиіс болатын. Ол уақытта Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсті. Бұл жөнінде боксшы кейіннен твиттер парақшасында былай деп жазды:

«Қолдауларыңызға рақмет! Менде қазір барлығы дұрыс. Бірнеше апта салып араға қайта қосыламын. Бастысы мен орта салмақта өнер көрсете беремін. Менің бұл жақта бітпеген шаруаларым бар», – деп жазды Әлімханұлы.

Бүгінгі бокс кеші Аустралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтті. 25 жастағы Андрей Михайлович кәсіпқой рингте 21 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген. 13 кездесуін нокаутпен аяқтаған 21-0, 13 KO. Қазірде Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3 орында тұр.

Фото: No Limit Boxing

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: