Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 21:54

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ САНЫНЫҢ 22,7 % ЖАСТАР

08.09.2022

1372

0

Бүгін Жалағаш аудандық мәслаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы болып, күн тәртіне 3 мәселе қойылды. Аталмыш жиында Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Елеусінов Өмірзақ және аудандық Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Серәлі Нарбота хабарлама жасады.
Жалағаш аудандық мәслаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Мұстафаева Қаншагүл ашып, жүргізіп отырды.
Жалағаш ауданында жылытылатын барлығы 101 әлеуметтік, бюджеттік нысандар бар. Әлеуметтік нысандардың саны – 81. Оның ішінде: 35-і сұйық отынмен, 39-ы қатты отынмен, 2-уі электр тоғымен жылытылса, 5 нысан (№202 мектеп, жабық спорт бассейні, Аудандық аурухана, аудандық емхана, жұқпалы аурулар бөлімшесі) газ отынымен жылытылады.
Аудан тұрғындарына 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына қатты отын қажеттілігі 11500 тоннаны құрайды.
Бүгінгі күнге 2520 тонна қатты отынмен қамтамасыз етілді немесе қажеттіліктің 22,0 пайызы. Оның ішінде, 1190 тонна қатты отын темір жолмен жеткізілсе, 1330 тонна қатты отын жүк автокөліктерімен жеткізілді.
Қазіргі таңда қоймаларда 200 тонна көмір қоры бар.
Сонымен қатар, 2 вагон (140 тонна) көмір «Мәди» ЖК-не жолда келе жатыр. Қарағанды станциясында тұр.
Үстіміздегі жылы Жалағаш кентіндегі бірқатар бюджеттік, әлеуметтік нысандардың жылу жүйелерін газ отынына көшіруге қаржы қаралып, осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда: Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйі мен Мәдениет, өнерді дамыту орталығы, «Күншуақ», «Ақмаржан» балабақшалары, №19 санаториялық балабақшаның жылу жүйесін газ отынына көшіруге тиісті қаражаттар қаралды – деді бөлім басшысы Өмірзақ Елеусінов.
Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 7974 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 22,7 пайызын құрайды.Жастарды ауданның қоғамдық-саяси өміріне тарту бойынша тұрақты түрде түрлі тақырыптағы сауалнамалар алынып, қорытындысымен тиісті жұмыстар атқарылуда.
2022 жылдың 8 айлық қорытындысы бойынша жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 85 шара өткізіліп, оған 4000- ға жуық жас қатыстырылған.
Аудан жастарының шығармашылығын дамыту мақсатында «Жастар кеші», аудандық жайдарман лигасы, жастарға ауылдың құндылықтарын насихаттау үшін «Еңбек» лагері, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ашық ақпарат көздерінен кинолар және спорттық сайыстардың тікелей көрсетілімдері дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді.
2022 жылдың 1 қыркүйегіне жастар арасында жұмысқа орналасу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Мәселен, жыл басынан бері халықты жұмыспен қамту орталығына 956 жас жұмыс іздеуші ретінде тіркелген болса, оның 818-і немесе 85,6 пайызы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды (әлеуметтік жұмыс орны-5, жастар практикасы-120, қоғамдық жұмыс-174, ұрпақтар келісімі-2, алғашқы жұмыс орны-11, мемлекеттік грант- 14 адам, қысқа мерзімді оқу-5 адам, мемлекеттік қолдау шараларынсыз тұрақты жұмыс – 205).
Қысқа мерзімді оқуға: Қаралған қаржы-13,4 млн. теңге, жоспарланған адам саны – 45.
2022 жылғы тамыз айында 29 адам оқуға жолданды (қазандық операторы- 23 адам, аспазшы-6 адам), оның ішінде 5-і 29 жасқа дейінгі жастар.
Мемлекеттік грант: Жоспар саны – 300 болса, оның 40 пайызы яғни 120-ы 29 жасқа дейінгі жастарға беру жоспарланған.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқуын аяқтаған 10 жас комиссияның оң шешімін алып, 400 АЕК (12,3 млн теңге) көлемінде қаржылай қолдау тапты.
Әлеуметтік жұмыс орындары: қаралған қаржысы РБ- 17,9 млн. теңге, жоспар-35 адам. Бүгінгі күнге 13 жұмыс берушіге 31 адам жолданып, оның ішінде 5 адам 29 жасқа дейінгі жастар.
Жастар практикасына қаралған қаржы- 232.9 млн.теңге.(РБ 90,0 млн. теңге, ОБ 10,6 млн. теңге, Ұлттық қордан 132,2 млн. теңге.) 219 адамды жастар практикасына жолдау жоспарланды. Бүгінгі күнге 226 адам жастар практикасына қатысушы болса, оның 120 адам 2022 жылы, 106 адам 2021 жылдан жалғастырушылар.
Қоғамдық жұмыстарға 437 млн.теңге қаржы қаралды. (РБ – 21,5 млн.теңге, ЖБ-40,0 млн.теңге, Ұлттық қордан 375,5 млн. теңге.) Жоспар – 816 адам. Бүгінгі күнге 819 адам жолданып, оның ішінде 174-і жастар.

Аталмыш басқосуда 01 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі Қоғам» атты Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдады. Аталмыш жолдауды талқылау және партияның жаңа Тұғырнамасының жобасы аясында ұсыныстар берілді.
«AMANAТ» партиясы атынан сайланған барлық аудандық мәслихат депутаттарына Мемлекет басшысының Жолдауын Жалағаш аудандық филиалына қарасты барлық бастауыш партия ұйымдарында кездесу жұмыстарын жүргізу міндеті қойылды.
Отырысты қорытындылай келе жылу маусымына дайындық жұмыстары мен жастар саясатын дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: