Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:19

Жалағаш ауданының әкімі тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

27.05.2023

271

0

 Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Темірбекұлы Жалағаш кентіндегі Қ.Сәтбаев көшесінің тұрғындарымен кездесіп, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешілуіне жұмыстар жасалатындығын жеткізді.

Аталған көше тұрғындары қосымша жөнделіп жатқан жолдарға, құрылысы басталған аспалы көпір мен жаңадан салынған балалар ойын алаңы үшін өз алғыстарын білдірді.

Асқарбек Темірбекұлы Қ.Сәтбаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құжаттар әзірлеуді және кент көшелерінің тазалығын қатаң сақтауды тиісті сала басшыларына тапсырды.

Сондай-ақ, спорт кешенін салу үшін бос жерлерді зерттеп, ақпарат ұсыну қажеттігін айтты.

Атап өту керек, аудан бойынша 1,3 млрд. теңгеге Жалағаш кенті және 4 елді мекеннің 16 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«АҚПАН БАТЫР» АТЫНА КӨШЕ БЕРІЛДІ

Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Темірбекұлы Жалағаш кентінде Ақпан батыр Жұмырұлының атындағы көшенің ашылу салтанатына қатысты.

Ақпан Жұмырұлы XVIII ғасырдың орта шенінде Сырдың төменгі ағысында, қазіргі Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылында ғұмыр кешкен. Қалмақ, жоңғар шапқыншылығы кезінде атқа қонып, елді, жерді жаудан қорғаған қайраткер тұлға.

Аудан басшысы «Батырдың өткен жолын зерделеп, құрметтеп, кейінгі ұрпаққа насихаттау – үлкен игілікті іс. Осы ретте Ақпан батыр Жұмырұлы жайлы деректерді жинақтап, кітап шығарған батырдың ұрпағы Өтеген Нұғыманұлына алғыс білдірді.

Сондай-ақ, батыр баба есімінің аудан орталығындағы бір көшеге берілуі – сол өткенді құрметтеудің бір парасы екендігін атап, игілікті де сауапты істеріңіз кейінгі өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болып, елді, туған жерді осы батыр бабасындай қорғайтын болсын деп тілек білдірді.

348959959_643737477165150_9086721616572045722_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: