Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 11:45

Жалағашта баға тұрақтылығына мониторинг жүргізілуде

10.04.2023

429

0

Жалағаш ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес тиісті сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасарлары шағын дүкендер мен ірі сауда орындардағы азық-түлік бағасына мониторинг жасады.

Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету – атқарушы биліктің басым міндетінің бірі. Бағаны тұрақтандыру шаралары қалай жүргізіліп жатыр? Жалағаш ауданында тұрғындардың әлеуметтік хал-ахуалы атқарушы биліктің тұрақты бақылауында. Әсіресе, бұл ретте азық-түлік тауарларының бағасын назарда ұстау маңызды болып отыр.

Осы ретте Жалағаш ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес тиісті сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасарлары шағын дүкендер мен ірі сауда орындардағы азық-түлік бағасына мониторинг жасады. Кәсіпкерлерге дүкендердің сөрелеріне қойылған халық көп тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларларының баға тұрақтылығын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Жалағаш ауданында аудан бойынша мерзімді уақытқа дейін баға тұрақтылығын сақтау үшін жанармай және газ құю бекеттерінде дефицитті қолдан жасауға жол бермеу, негізсіз лимиттер орнатқан тұлағаларды анықтау және түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы штаб құрылып, жанармай және газ құю бекеттеріне мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: