Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 18:54

Жанар-жағармай бағасы қымбаттайды

04.04.2023

207

0

Қазақстан билігі елдегі жанар-жағармай бағасын көтеруге мәжбүр. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов мәлімдеді.

Мемлекет мұндай қадамға ішкі нарықты тұрақтандыру үшін барып отыр. Ал Болат Ақшолақов Қазақстанда дизель тапшылығын бағадағы диспропорциямен байланыстырады. Сондай-ақ ол отандық отын бағасы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан екенін айтады.

– Қазақстан әлем бойынша жанармайы ең арзан 10 елдің қатарына кіретінін айта кету керек. Мәселен, Ресейде дизель бағасы (1 литрі) – 345 теңге. Бұл біздегі нарықтан 45 пайызға қымбат. Қырғызстандағы баға 64 пайызға жоғары, яғни 1 литрі – 390 теңге. Өзбекстандағы баға Қазақстанмен салыстырғанда 2 есе жоғары, яғни 1 литрі – 480 теңге, – деді Болат Ақшолақов.

Оның айтуынша, бұл бұйрыққа қатысты тиісті жоба 3 сәуірде жарияланып, 12 сәуірде күшіне енеді. Энергетика министрінің міндетін атқарушы жанар-жағармай нарығын тұрақтандыру үшін Қазақстан мен көрші елдер арасындағы баға айырмасын төмендету қажет деп есептейді.

– Сондықтан біз күрделі, алайда тиісті қадамға баруымыз керек, шекті бөлшек сауда бағасын көтерген жөн, – деді Болат Ақшолақов.

Оның сөзінше, бұдан кейін бензин өндірісі 70 пайызға, дизель 30 пайызға артады. Ал экспорттан түсетін табыс 50 пайыздан 120 пайызға дейін көтеріледі.

– Бүгінде баға айырмашылығын қысқартпасақ, жақын арада жанармай тапшылығына тап болуымыз мүмкін. Бұл қадамға бармасақ, саланы одан әрі дамыту жолдарын жауып, елдің энергетикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіреміз, – деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: