Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 11-ші отырысында елдегі саяси үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында барлық өтпелі ережелерді нақтылапжазу қажетдеген пікір білдірді.
Мәжіліс депутаты ең алдымен жаңа Конституцияның тәртібі мен күшіне ену мерзімдерін біржақты етіп анықтау қажет екенін атап өтті.
«Жобада оның ережелері нақтықай сәттен бастап күшіне енетінін бекіту керек. Республикалық референдумның нәтижелері ресми жарияланған күннен бастап па әлденақты белгіленген өзге күннен бастап па?», – деді ол.
Оның айтуынша, сондай-ақ өтпелі кезеңдегі қазіргі мемлекеттік билік органдарының мәртебесі туралы мәселені реттеу керек.
Атап айтқанда, қазіргі Парламент өз өкілеттігін қай сәтке дейін жүзеге асыратынын анықтау қажет, Құрылтай сайлауы қандай мерзімде және қандай тәртіппен өткізіледі?
«Менің ойымша, бұл мәселелерді заңнамалық функцияны жүзеге асырудың үздіксіздігін қамтамасыз етіп, оның ішінде Конституцияның институционалдық жаңашылдықтарын іске асыру қажеттілігін ескере отырып қарастыру керек», – деп атап өтті депутат.
Снежанна Имашева өтпелі ережелерде Конституциялық сот, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палатаның жаңа құрамын қалыптастыру тетіктерін қарастыру маңыздыекенінайтты.
Бұған қоса, негізгі мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тағайындау тәртібі де регламенттеуді талап етеді.
«Осы рәсімдерді нақты бекіту құқықтық айқындылықты қамтамасыз етеді және институционалдық ауысу кезеңінде конституциялық органдардың жоқтығы жағдайын болдырмауға мүмкіндік береді», – деді ол.
Депутаттың айтуынша, қазіргі заңнаманықолдану мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Осыған байланысты жаңа Конституцияның жобасында Конституция күшіне енген күні қолданылып жүрген заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер күшін сақтайды ма және олар қандай мерзімде ережелерге сәйкестендірілуі тиіс екенін нақты белгілеу қажет дедіол.
«Аталған ережелерді бекіту құқықтық айқындылықты, мемлекеттік институттардың жұмыс істеуін болжауды және өтпелі кезеңдегі әрбір органның өкілеттіктерінің шегін нақты белгіленуін қамтамасыз етеді», – деп қорытындылады Снежанна Имашева.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!