Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Сенбі, 21 желтоқсан, 19:28

Жақсы келін – ырысың

20.10.2022

505

0

Қазақ халқында келіннің отбасындағы рөлі мен орны өзінше бір бөлек. «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» дейді ата-бабаларымыз. Ұлын ұяға қондырып, шаңыраққа келін түсіру өмірдің ең маңызды ісі саналады. Жас ұрпақтың бойына ұлттық салт-дәстүріміз, әдет-ғұрыптарымыз, адамгершілік пен имандылықты бойларына сіңіртіп, ұлтжандылыққа баулып, ата-бабаларымыздан қалған бай мұрамызды жаңғырту, мейірімді, зерделі, тәрбиелі болып өсуге баулу.


Ағымдағы жылдың наурыз айында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен аудандық «Жақсы келін-ырысың» атты жас келіндер байқауы өткізілген болатын. Партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында өткізілген сайыстың басты мақсаты – ұлттық мәдениетімізді, өнерімізді және дәстүрімізді дәріптеу арқылы жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды дамыту. Осы орайда, бүгін «AMANAT» партиясының Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында аталған сайысқа қатысқан жас келіндермен кездесу болып өтті.


Келелі кездесуге «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева және «Қазақ тілі» ҚБ Жалағаш ауданы бойынша төрайымы Мирман Дина қатысты.


Жас келіндермен өткізілген кездесуде отбасы құндылығы, отбасыдағы тәрбие, тәртіп, ар-ұят, сыйластық, үлкенге құрмет көрсету бойынша еркін пікір алмасу болып өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: