Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Бейсенбі, 05 маусым, 06:56

Жасөспірімдер қауіпсіздігі бәрінен маңызды

03.06.2025

97

0

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған комиссия төрағасының орынбасары Талғат Садықов төрағалық етті. Жиынға аудандық прокуратура, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері, сондай-ақ комиссия мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде 2025 жылы жазғы маусымда балалардың демалысын ұйымдастыру, сауықтыру ұйымдарының са­ни­тарлық-эпидемиологиялық жағдайы және олардың дайын­дығы талқыланды. Комиссия мүшелері ба­лалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі тиімді өткізу үшін ме­ке­мелердің дайындығын пысықтап, санитарлық талап­тардың сақталуын қадағалау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарының қорғалуына ерекше назар аударылды. Жиын қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, бақылау шаралары белгіленді.
Аудандық полиция бөлімінің жер­гілікті полиция қызметі бөлімшесінің юве­­налды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары жасөс­пірім­дер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бірқатар жұмыс атқарды. Жалпы кә­мелетке толмағандар арасын­­дағы құ­қық бұзушылықтың өсуіне ата-ана­лардың баланы қараусыз қал­дыруы, ком­пьютерлік ойындарға әуес­тенуі, құқықтық сауаттың төмендігі және жасөспірімдер үшін бос уақытты ұйым­­­дастырудың болмауы себеп болып тұр.
Осы орайда аудандық білім, ден­саулық сақтау бөлімімен бірлескен про­филактикалық іс-жоспарды жүзеге асыру ба­рысында аудандық полиция бө­лімінің жергілікті полиция қыз­меті және қылмысты іздестіру бөлімшелері кәмелетке тол­мағандар арасындағы топ­тарды анықтау, ыдырату, есепке қою секілді жұмыстарды жүргізуде.
Сот­қар оқушыларды есепке алу бойынша тоқталсақ, 11 жас­өспірім тізім­дік есеп­те, 11 ата-ана тәрбие беру жө­нін­­дегі міндеттерін орындамағаны үшін про­­филактикалық есепке алынған. Бір жас­өспірімге қатысты қорғау нұсқа­ма­сы шы­ғарылып, есепке қойылған. Жауапты маман­дар профи­лак­тикалық есепте тұрған­дар­дың ме­кен-жайына арнайы барып, тексеру жұ­мыс­тарын үнемі жүргізуде.
Қоғамдық тәртіпті бұзушы жасөс­пірімдердің арқайсысына талдау жа­сай­тын болсақ, заңды өкілдері бірге жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұр­ғынжайдан тыс жерлерде сағат 23.00-ден таңғы сағат 6.00-ге дейін бо­луы бойынша 186 дерек анықталған. Сон­дай-ақ бір жыл ішінде екі және одан да көп әкімшілк құқық бұзушы­лық жасаған 8 дерек тіркелген.
Кент орталығындағы патрульді по­ли­ция бекеттері жасөспірімдердің топ­тасып төбелесу, қылмысқа бейімді­лігі байқалатын жағдайды анықтау, алдын алу мақсатында рейд­тік жұмыстарын үз­діксіз жүргізуде. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде ауданда топтық төбелеске жол берілмеген.
Кент орталығындағы 5 мектеп пен ауданға қарасты ауыл­дық елді мекендердегі 15 білім ордасы және 1 колледждегі білім алу­шыларға құқық бұзушылықтан сақ­тану жолдары, заң­ға бағынудың ма­ңыз­дылығы және құ­қықтық жауап­кер­шіліктің ауыртпа­лығы жөнінде нақты кеңестер ұсыныл­ған. Бұл іс-шара құқықтық мә­де­ниетті қалыптастыруға және құ­қық­ бұзу­шы­лықтың алдын алуға ықпал ететін маңызды қадам екені сөз­сіз. Сонымен қатар іс-шарада «Заң және мен» құқықтық тақырыптағы видео­роликтер көрсетілген.
Бала­лардың қауіп­сіздігін басты назарға ала отырып, жазғы дема­лысты тиімді өткізу бойынша бір­қатар жұмыс атқа­рылды. Сыртқы лагерь жұмыстарын ұйымдастыру, мектеп жа­нындағы күндізгі тынығу лагерлерін ашу, облыс көлемiнде және облыстан тыс лагерге балаларды жіберу, қосым­ша білім беру үйір­мелеріне қамту, ту­­ристік саяхат, та­рихи-танымдық экс­­курсиялар ұйым­дас­тырылады. Мәселен, биылғы мау­сымда Алматы қаласындағы «Тау-Жаңашар» республикалық ла­ге­ріне 50 бала, Жаңақорған ауданы «Талдысу» облыстық ла­геріне де­меу­шілер есебінен аз қамтамасыз етіл­ген отба­сынан шық­қан 100 ба­ланы, «Қазақстан қоры» де­меу­шілі­гі­мен Шымкент қаласындағы рес­пуб­ликалық «Қуаныш» лагеріне 50 ба­ланы жіберу жоспарлануда. Бір сөзбен айтқанда, 6 553 баланың жазғы демалыс ша­раларымен 90 пайызын қамту жос­парда бар.
Ескертпе! Кезекті оқу жылы аяқ­талды. Осыған орай жергілікті билік өкілдері жазғы демалыста ата-ана­ларға, ұс­таздарға оқушылардың қауіпсіздік шараларды, шек­теулерді қатаң сақ­тауына мән беруді сұрайды. Аттестат алу кешін сән-салта­натты өткізуге, яғни беймезгіл уақытта ме­рекелік үстел, салтанатты дастар­хан ұйымдастыруға болмайды.
Сонымен қатар суға шо­мылу мау­сы­мын қауіпсіз өткізу шең­бе­рінде су айдындарында пат­руль­дер мен рейд­тер жүр­гізіледі. Осы мақсатта барлық білім беру ұйым­дарына арнайы нұс­қаулар бе­рі­ліп, ата-аналармен жан-жақты түсіндіру жұ­мыстары жүргізілуі ке­рек.

Ж.МАХМҰТҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: