Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 19:29

Жастар мәселесі шешімін тапты

27.07.2022

653

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес азаматтардың жеке мәселесі бойынша Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі» «Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Серәлі Нарбота Серәліұлы қоғамдық қабылдау өткізді.


Қабылдауға келген жастар мамандық бойынша жұмысқа орналасу, «Жасыл ел» еңбек жасағындағы жалақыларының кешігуі және жазғы демалыс уақытында қосымша табыс табу бойынша көмек сұрайды.


Өтініш иелерінің мәселелермен мұқият танысқан аудандық мәслихат депутаты Серәлі Нарбота мәселелердің оңтайлы шешілу тетіктерін қарастырды. Атап айтар болсақ, «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс жасаған жастардың жалақысы бойынша тиісті орындармен байланысып, арнайы төлем карточкасы ашылып, жақын күндері төленетіндігін жеткізді. Мамандығы бойынша жұмыс сұраған жас маманға арнайы тиісті аудандық бөлімдерге ұсыныс беріп, мәселе оң шешімін тапты. Жазғы маусымда жұмыс жасағысы келген өтініш иесінің мәселесі бойынша «Жасыл ел» еңбек жасағына тіркелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: