Биыл жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бекітілген ережеге сәйкес, бағдарламаға 21-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева мәлімдеді.
– Мемлекет басшысы айтқандай жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Осы орайда, жастардың кәсіп бастауына көмек беру және ауыл шаруашылығы саласынла еңбек етуге жағдай жасау үшін жастарға арналған жеңілдетілген несие берілмекші. Микрокредит мерзімі 5 жылға дейін болса, ал мал шаруашылығы саласы бойынша 7 жылға дейін беріледі. Несиенің ең жоғарғы сомасы 5 млн. теңге болып белгіленіп отыр. Жылдық өсім 2.5 пайызды құрайды. Ескере кететін жайт, борышкердің кепілмен қамтамасыз етуі міндетті. Несие алғысы келетін жастардың Аграрлық несие корпорациясы құжаттарының түгелділігі міндетті болып табылады, – деді басқарма басшысының орынбасары Жанар Жұмабекқызы.
Құжаттарды тексеру уақыты өтінім түскен күннен бастап 3 жұмыс күнін құрайды. Қажетті қағаздары сәйкес келмеген жағдайда себептерін көрсете отырып кері қайтарады. Ал барлық құжат ережеге сәйкес болса, 15 күн ішінде бағалау жүргізіліп, тиісті жұмыстар біткеннен кейін 3 жұмыс күн ішінде бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның қарауына жолдайды.
-Аталған комиссияда өтінімдер қаралып, оң қорытынды алған өтінім берушілердің нәтижесі хаттамалық сипатта рәсімделеді. Комиссияның жұмысшы органы, яғни жергілікті жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі жергілікті атқарушы орган хаттамалық шешімді АКК-ға несие алушымен келісім-шартқа отыруға және қаржы аударуға жолдайды. Әрі қарай несие алушы жұмыспен қамту жөніндегі жұмыспен қамту органымен және Аграрлық несие корпорациясына несие алу шартына және кепіл шартына қол қояды. Кепіл шарты тиісті органда тіркеуден өткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде Аграрлық несие корпорациясымен несие қаржысы өтініміне сәйкес аударылады, – деді «Аграрлық несие корпорация» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Маханбет Тұрмаханов.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!