Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 13:22

Жазғы демалысқа қарызсыз қалай ақша жинауға болады?

10.05.2023

482

0

Табыс төмен әрі несие болса, демалысқа қалай ақша үнемдеуге болады? Сарапшы Ольга Дайнеко кеңес берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Travel-ге сілтеме жасап.

Маманның пікірінше, жақсы демалыс кейде көп ақшаны қажет етеді, бірақ бұл сапарды кейінге қалдыруға себеп емес. Сарапшы Дайнеко бұл орайда ақша жинап, шығынды алдын ала жоспарлау керек екенін айтты.

«Ұзақ жыл бойы ешқайда бармай жүруіңіз мүмкін, өйткені кіріс аз, шығын көп. Бірақ отбасылық немесе жеке бюджетіңізді ыңғайлай аласыз. Аз, бірақ тұрақты әрі қажетсіз шығындардан қашып, үнемдеу жолдарын табуға болады. Алдын ала демалысты жоспарлап, қаржылық мақсатыңызға табандылықпен қарасаңыз, қарапайым бюджетпен де демалуға мүмкіндік бар», – дейді қаржы сарапшысы Дайнеко Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Сарапшы ақша жинауға көмектесетін қадамдарды айтты. Ол үшін кіріс пен шығынды салыстырудан бастау керек. Дайнеконың сөзінше, демалысқа қанша ақша жинау керек екенін түсіну маңызды.

«Аралдағы демалыс – керемет арман, бірақ демалу құны бір айлық отбасылық бюджеттен аспауы керек. Содан кейін демалысқа жиналатын соманың мөлшерін және оны жинау мерзімін анықтау керек. Ол үшін белгілі бір уақыт аралығына мақсат қоюға болады: демалыс, қонақүй және әуе билеттерін сатып алу үшін алдын ала төлем жасау, ал ойын-сауық пен тамақтану үшін кейінірек», – дейді ол.

Сарапшы демалысқа көбірек ақша жинау үшін қажетсіз заттарды алмауға кеңес береді.

«Қымбат зат сатып алуды жоспарлар кезде өзіңізден не қажет екенін сұраңыз – жаңа телефон немесе саяхат», – дейді Ольга Дайнеко.

Шығынды дұрыс жоспарлау арқылы адам несие болса да демалысқа ақша жинайды. Сарапшы демалысқа шықпас бұрын несиені тек қазіргі емес, келесі айға да алдын ала жоспарлап, сол ақшаны бөліп қою керек екенін айтты.

«Демалыстан кейінгі айда жалақы аз болатынын ұмытпаңыз, өйткені оның бір бөлігі демалыс түрінде алынған», – деп нақтылады ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: