Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сәрсенбі, 08 қазан, 18:49

ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!

08.10.2025

8

0

«Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді, қолданылған пестицидтердің бос ыдыстарын залалсыздандыру жөнінде»

2002 жылғы 3 шілдедегі №331 Қазақстан Республикасының  «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 14-1-баптың 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы

№ 249 бұйрығымен бекітілген «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттің» 8-тарауына сәйкес: Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер (улы химикаттар) мен пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстары, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтерден босаған бос ыдыстар залалсыздандыруға жатады. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді , олардың бос ыдыстарын залалсыздандыру үшін арнайы сақтау қоймалары (қорымдар) пайдаланылады.
Бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді зарарсыздандыру Өсімдіктерді қорғау туралы заңның 20-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 20-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді зарарсыздандыру өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларының нұсқамасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
Одан әрі пайдалануға жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын көмуге жол берілмейді.
Пестицидтерді және олардың ыдыстарын, пестицидтерден ыдыраған өнімдерді зарарсыздандыру (кәдеге жарату, жою) процестері қоршаған ортаға зиянды әсер етпеуі тиіс. Жеткізушімен шарт болған жағдайда, металл ыдыс немесе полимер материалдан жасалған арнайы ыдыс жеткізушіге (өндірушіге, импорттаушыға, сатушыға) зарарсыздандырылмаған, бірақ сырты таза және тығыз жабылған күйде қайтарылады..
Зарарсыздандырылуы (кәдеге жаратылуы, жойылуы) тиіс пестицидтерді тиісінше сақтау жағдайлары болмаған кезде, қызметтің аталған түріне шаруашылық жүргізуші субъектілер көрсетілген құралдарды орталықтандырылған жинауды және олардың сақтау үшін тиісті жағдайы бар қоймаларға орын ауыстыруын қамтамасыз етеді. Қоймаларға бөтен адамдардың кіруіне жол берілмейді. Бүтіндігі бұзылған орамадағы пестицидтер нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ыдысқа қайта буып-түйілуі тиіс.
Пестицидтердің адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 15-бабына сәйкес фитосанитариялық бақылауға жататын субъектілер белгіленген тәртіппен және белгіленген мерзімдерде пестицидтердің бос ыдыстарын залалсыздандырғаны және пестицидтерді жеткізушілерге ыдыстарды өткізу жөніндегі актілерін , қолданылған пестицидтерден бос ыдыстарының болуы (саны) және пестицидтердің қалдықтары туралы есепті аумақтық уәкілетті органға өткізуге міндетті.
Фитосанитарлық есептілік нысандарын төмендегі мекенжай бойынша тапсырады: «ҚР АШМ АӨК МИК Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі. Жалағаш кенті, Бұқарбай батыр көшесі 228, Тел: 31-8-82
ҚР «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 403 бабына сәйкес белгіленген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: